Ссылки доступа

Қырғызстанда экономикалық қылмысты учаскелік милиция тергесін деген ұсыныс сынға алынды


Қырғызстан президенті жанындағы Коррупцияға қарсы іскерлік кеңесінің бас хатшысы Нұрила Мұқанова экономика және қаржы министрінің экономикалық қылмысты тергеу өкілеттігін учаскелік милициямен бөлісу жөніндегі мәлімдемесіне пікір білдірді.

Оның сөзінше, мұндай шешім коррупцияның өршуіне одан сайын мүмкіндік береді.

"Учаскелік бөлімшелер қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Оларға кәсіпкерлердің қызметін бақылау керек емес. Жақында ғана қаржы полициясы мен коррупцияға қарсы күрес қызметі жойылды. Себебі, мұнда жемқорлық өршіп тұрды. Ақылбек Жапаровтың учаскелік бөлімшелерге жемқорлықты қадағалау қызметін бөлу жөнінде мекемеаралық жұмыс тобын құру керек деген тапсырмасы ел президентінің жақында ғана қабылдаған "Кәсіпкерлер мен инвесторларды қолдау жөніндегі" жарлығына қайшы келеді", – деп атап өтті Нұрила Мұқанова.

XS
SM
MD
LG