Ссылки доступа

Байден Лукашенкоға жаңа санкция салатынын мәлімдеді


Президент США Джо Байден

АҚШ президенті Джо Байден 9 тамызда Беларусь президент сайлауының бір жылдығына орай мәлімдеме жасады. Ол Александр Лукашенко режиміне қарсы жаңа санкция қабылдайтынын айтты. Мәлімдеме Ақ үй сайтында жарияланды.

Бір жыл бұрын Беларусь азаматтары болашағын демократиялық сайлау арқылы анықтағысы келетінін естіртуге талпынды, делінген мәлімдемеде.

АҚШ президентінің пікірінше, халық қалауына құлақ асқысы келмеген Лукашенко режимі жазалау науқанына көшті.

АҚШ одақтастары және әріптестерімен бірге адам құқықтары мен сөз бостандығын қорғай береді. Байден Беларусьте демократия мен адам құқықтарын шекшеуге қатысқан жеке және заңды тұлғаларға қарсы жаңа санкция салу туралы үкімге қол қойғанын айтты.

Президент жақында оппозиция жетекшісі Светлана Тихановскаямен кездескенін, оған АҚШ Беларусь халқын қолдайтынын айтқанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG