Ссылки доступа

Тәжік әйелі 14 жастағы қызын өз-өзіне қол жұмсауға итермеледі деген айыппен істі болды


Бибисония Тагоева

Тәжікстанның Бохтар қаласында жергілікті бір тұрғын кәмелет жасқа толмаған қызын өз-өзіне қол жұмсауға итермеледі деген күдікпен істі болды.

Қылмыстық іс қозғауға 14 жастағы Бибисония Тагоеваның өлер алдында жазған хаты себеп болған. Қыз хатта анасын ұрып-соққаны, ар-намысын таптағаны үшін айыптаған. Хатлон облысы прокурорының орынбасары Вали Ваххобов Бохтардағы баспасөз конференциясында осылай деп мәлімдеді.

Қайғылы оқиға биыл көктемде болған. Бибисонияның анасы Муборак Гиёева қазір психдинспансерде сот-психиатрия сараптамасын күтіп жүр.

"Қыз анасының қашан және немен ұрғанын хатында жазған. Бибисонияны анасы ғана емес, үйдің басқа да мүшелері ұрған", - деді Хатлон облысы прокурорының орынбасары.

Муборак Гиёеваның кінәсі дәлелденсе, ол үш жылдан бес жылға дейін сотталуы мүмкін. Тергеуді Хатлон облысы прокуратурасының аса маңызды істер жөніндегі бөлімінің тергеушілері жүргізіп жатыр.

Ресми мәлімет бойынша, биыл алты айда Хатлон облысында 23 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған. Былтыр дәл осы уақытта аймақта 38 жасөспірім суицид жасаған.

XS
SM
MD
LG