Ссылки доступа

Қырғыз үкіметі Баткендегі шекара жанжалынан зардап шеккен кәсіпкерлерге көмектеседі


Қырғызстан үкіметі Баткен облысында биыл сәуірдегі шекара жанжалында зардап шеккен кәсіпкерлерге көмек бөлу тәртібі мен ақша көлемін анықтады.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ұлықбек Марипов кеңсесі "Айыл Банк" пен "РСК Банкке" кәсіпкерлердің несиесін кешіруге кеңес берген.

Бұған қоса, үкімет зардап шеккен 76 кәсіпкерге бюджеттен 15,2 млн сомды жеңіл несие ретінде береді. Сонымен бірге кәсіпкерлерге 14 млн 505 мың сом бір реттік өтемақы ретінде төленеді.

Еске салайық, 28-30 сәуірде Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қарулы жанжал болып, соның салдарынан ондаған адам қаза тапты.

Баткен облысында 140 үй, мектептер және шекара бекеттері бүлінді, шамамен 58 мың адам көшуге мәжбүр болды.

XS
SM
MD
LG