Ссылки доступа

Сексуалдық әлімжеттік бойынша айыпталған Нью-Йорк губернаторы отставкаға кетті


2011 жылдан бері Нью-Йорк губернаторы болған Эндрю Куомо

Сексуалдық әлімжеттік көрсетті деп айыпталған Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо 14 тәулік ішінде қызметтен кететінін мәлімдеді.

3 тамызда аймақ прокуроры Летиция Жеймс губернатордың бірнеше әйелге сексуалдық әлімжеттік көрсету бойынша тергеу аяқталғанын хабарлаған. Оның сөзінше, тергеу Куомоның 11 әйелге, олардың ішінде қоластында істеген әйелдерге тиіскен дәйектер анықталған.

АР агенттігінің мәліметіне қарағанда, 63 жастағы демократ айыптауларды "саяси негіздермен жасалған шабуыл" деп атады.

"Мен бұл әрекеттерге қарсылық көрсетсем, штатта бірнеше ай тыныштық болмайды. Мұндай жағдайды мен қаламаймын. Сондықтан қазір қызметтен кетіп, әкімшілікке басқару құқығын беру жөн деп есептедім", - дейді губернатор.

Тергеу барысында көптеген әйелдер Куомоның кек алуынан қорқып, жасырып келгенін айтқан.

Өткен аптада бұл оқиға бойынша пікірін білдірген АҚШ президенті Джо Байден Эндрю Куомоны қызметтен кетуі керек деп мәлімдеген.

2020 жылы бірнеше әйел Куомоны сексуалдық әлімжеттік көрсетті деп айыптап, арызданған. Ал ол айыптауларды теріске шығарып, партияластарының қызметтен кету ұсынысынан бас тартқан.

Эндрю Куомо Нью-Йорк штатын 2011 жылдан бері басқарып келді. Ол Демократиялық партияның өкілі. 2010 жылға дейін ол бұл штаттың бас прокуроры болды.

XS
SM
MD
LG