Ссылки доступа

Өзбекстанда қызметкерлері вакцина салдырған мешіттерге жұма намаз өткізуге рұқсат беріледі


13 тамыздан бастап Өзбекстанда қызметкерлері вакцина салдырған мешіттерге ғана жұма намаз өткізуге рұқсат беріледі.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, мешіттерге вакцина салдырғанын дәлелдейтін QR-код немесе куәлігі барларды ғана жібереді.

Коронавируспен күрес жөніндегі республикалық арнайы комиссия елдегі басқа да конфессиялардың діни ұйымдарын осындай ереже енгізуге шақырды.

Намаз оқуға жиналғандар карантин талаптарын мұқият орындауы – медициналық маска тағып, әлеуметтік арақашықтық сақтауы тиіс.

Еске салайық, Өзбекстандағы мешіттерде жұма намаз өткізуге 20 шілдеде тыйым салынған.

XS
SM
MD
LG