Ссылки доступа

Ашғабадта төбелес кезінде қайтыс болған жас жігітті көпірден лақтырып жіберген


Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

Өткен аптада Ашғабатта төбелес болып, бір топ адам жас жігітті жабылып ұрып өлтіріп, оның денесін көпірден лақтырып жіберген.

Хабарларға қарағанда, оқиға 3 тамызда астананың темір жол вокзалы маңында болған. Он шақты жас жігіт бір жасөспірімге жабылған.

"Жігітті өлгенше сабаған. Одан соң оның денесін көпірден лақтырып жіберген", - деді Азатлык дереккөзі.

Оның айтуынша, ол жерде бақылау камерасы көп болғанына қарамастан, полиция оқиға орнына келмеген.

"Олар жігіттің денесін көпірден лақтырып жібергенде ғана келген. Полиция жасөспірімді ұрған он шақты жігітті ұстады. Оқиға куәгерлері де ұсталды. Олар бақылау камераларының көмегімен анықталған", деді дереккөз.

XS
SM
MD
LG