Ссылки доступа

Өзбекстанда студенттерді пандемия кезінде Тәуелсіздік күніне дайындыққа қатысуға мәжбүрлеп жатыр


Ташкенттегі бірқатар жоғары оқу орнының студенттерін 31 тамызда Тәуелсіздік күнінде өтетін іс-шараларға қатысуға тартып жатыр.

Олар бұл "ықтиярлы-мәжбүрлеу" түрінде іске асып жатқанын білдірді.

Студенттер "Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында өтетін іс-шараларға ми қайнайтын ыстық күнде қатыстырып жатқанына" наразы болып, министрлікті бұған көңіл бөлуге шақырды.

"Тәуелсіздік күніне дайындыққа Ташкенттегі өнер және мәдениет институтының студенттері шақыртылды. Бұл шараға қыздар көп қатыстырылып жатыр. Күн ыстықты карантин талаптары сақталып жатқан жоқ. "Егер келмесеңдер, одан әрі оқуларыңды ойлаңдар" деп ескертіп жатыр. Біз білім министрін бұл мәселеге көңіл бөлуге шақырамыз", - деді студенттердің бірі.

XS
SM
MD
LG