Ссылки доступа

Қырғызстан Түркіменстаннан электр энергия ала бастады


Биыл тамыздан желтоқсан айына дейін Түркіменстан Қырғызстанға сағатына 501,9 млн кВт электр энергия жеткізеді. Осылай деп Қырғызстанның энергетика және өндіріс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

9 тамызға дейін Түркіменстан сағатына 19,2 млн киловатт жеткізген. Қазір сонымен бірге табиғи газ жеткізу жөнінде келіссөз жүріп жатыр. Бірақ келісім бағасы айтылмайды.

Биыл маусым айында қырғыз президентінің Түркіменстанға сапары барысында күз-қыс мезгілінде Қырғызстанға табиғи газ және электр энергия жеткізу жөнінде келісімге келген болатын.

Осыған дейін Қырғызстанның ұлттық электр желісі қырғызстандықтарды биыл күз, қыс айларында электр энергияны барынша үнемдеуге шақырған. Себебі, Нарын өзенінде су арнасынан төмен болғандықтан энергия тапшылығы болады дейді.

XS
SM
MD
LG