Ссылки доступа

Тәжікстанда төрт оқушы суға басып кеткеннен кейін екі мұғалім ұсталды


Бахтиёр Каримкулов, Садриддин Каримов, Лазизбек Хидиров және Асилбек Мамадисоев. Отбасылық суреттер.
Бахтиёр Каримкулов, Садриддин Каримов, Лазизбек Хидиров және Асилбек Мамадисоев. Отбасылық суреттер.

Сырдария өзеніне төрт оқушы батып кеткеннен кейін, Истаравшан қаласы №60 мектептің екі мұғалімі ұсталды.

Азаттықтың тәжік қызметінің дереккөзі мәліметінше, ұсталғандар Қылмыстық кодекстің "абайсызда адам өліміне себепкер болды" деген бап бойынша күдікке ілінген. Олар бес жылға дейін бас бостандығынан айырылып, қызметінен шеттетілуі мүмкін.

Ниджони Истаравшан ауылындағы №60 мектептің оқушылары Бахтиёр Каримкулов, Садриддин Каримов, Лазизбек Хидиров және Асилбек Мамадисоев Сырдария өзеніндегі баруға тыйым салынған жерге суға түсіп батып кеткен. Олардың жасы 16-да. Бәрі 8 шілдеде жер қойнына тапсырылған.

7 шілде күні 6 және 9-сыныптың 20-дан астам оқушысы мектеп директоры және екі сынып жетекшісімен бірге Худжанд қаласына барған. Саяхат кезінде мұғалімдер оқушыларды қараусыз тастап кеткен. Алдын ала болжам бойынша, суға түсіп жатқан кезде бір бала суға батып бара жатқанда артынан көмекке барған үшеуі де батып кеткен.

Марқұмдардың ата-аналары қайғылы оқиғаға мұғалімдерді кінәлайды.

Истаравшан қаласының білім беру департаменті Худжанд қаласына саяхат жоспардан тыс болған әрі жергілікті биліктен келісілмеген дейді.

XS
SM
MD
LG