Ссылки доступа

Журналистерді қорғау комитеті қырғыз президентін жалған ақпараттан қорғау жөніндегі заң жобасына қол қоймауға шақырды


Журналистерді қорғау жөніндегі халықаралық комитет (CPJ) Қырғызстан президенті Садыр Жапаровқа жақында парламент қабылдаған "Жалған және анық емес мәліметтен қорғау жөніндегі" заң жобасына қол қоймай, оны кері қайтаруға шақырды.

Халықаралық ұйым мәліметінше, бұл заң жобасы Қырғызстандағы сөз бостандығына қауіп туғызады.

Ашық хатта қырғыз билігі журналистерге қарсы қолданылуы мүмкін заңдарды әзірлеуден аулақ болуы керек деп атап өткен.

Журналистерді қорғау комитетінің (CPJ) бағдарламалық директоры Карлос Мартинестің айтуынша, заң жобасындағы мемлекеттік органдарға берілетін қосымша құқықтар медиа өкілдеріне қарсы қолданылып, сөз еркіндігін басуға жол ашуы мүмкін.

Жогорку Кеңеш 28 шілдедегі отырыста талас-тартыстан кейін "Жалған және анық емес мәліметтен қорғау жөніндегі" заң жобасын қабылдаған.

XS
SM
MD
LG