Ссылки доступа

Камчаткада туристер мінген тікұшақ құлады. 16 адамның сегізі аман қалды


Фото МЧС России из района крушения Ми-8 на Камчатке
Фото МЧС России из района крушения Ми-8 на Камчатке

12 тамызда Камчаткада 13 жолаушы, үш экипаж мүшесі бар Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады. "Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, апаттан сегіз адам қаза тапты.

Тікұшақ Куриль көліне құлап, шамамен 100 метрге батқан, дейді құтқарушылар. Алты жолаушы және экипаждың екі мүшесі тікұшақтан шығып үлгерген. Мамандардың айтуынша, көлдегі судың температурасы шамамен 5-6 градус, онда ұзақ уақыт қалу мүмкін емес. Оқиға орнына төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің құтқарушылары жұмыс істеп жатыр. Іздеу жұмыстарына 45 адам жұмылдырылған.

Аман қалған сегіз адамды Петропавловск-Камчатск қаласына алып барады. Екі адамның жағдайы ауыр, деп хабарлады өлке үкіметінің баспасөз қызметі.

Ми-8 тікұшағының апатқа ұшырауына қалың тұман себеп болуы мүмкін, деп хабарлады "Интерфакс" дереккөзі. Қылмыстық іс қозғалды.

Камчаткада апатқа ұшыраған Ми-8 тікұшағына шамамен 40 жыл болған. 2020 жылы тікұшақты толықтай жөндеген.

6 шілдеде Камчаткада Ан-26 ұшағы апатқа ұшырап, 28 адам опат болған.

XS
SM
MD
LG