Ссылки доступа

Тәжікстанда отандық мектеп формасын сатып алуға "мәжбүрлеген" (видео)


Житель района Рудаки показывает чеки и сетует, что ему пришлось купить одежду на ярмарке
Житель района Рудаки показывает чеки и сетует, что ему пришлось купить одежду на ярмарке

Тәжікстанда жаңа оқу жылы басталар қарсаңында ата-аналар да алаңдай бастайды. Бұрын олар базардан қалтасы көтеретін мектеп формасын таңдаған болса, енді отандық мектеп киімін сатып алуға мәжбүрлеп жатыр.

Тұрғындар бұны қысым деп есептесе, шенеуніктер отандық кәсіпкерлерге қолдау деп отыр.

Рудаки тұрғыны Сафармох Давлатоваға тамыз айында шығындалуға тура келеді. Баласын мектепке дайындау үшін кем дегенде 500 сомони (50 доллар) қажет. Сафармохта мұндай ақша жоқ.

"Базарға барайын десем мектептегілер киімді жәрмеңкеден алыңдар деп жатыр", - дейді ол.

Сафармох жәрмеңкеге барған, бірақ қажет киімдерді таппаған. "Бағасы қымбат, одан қалды бұл жерден іздегенімді таппадым. Киімді жәрмеңкеден алып, чекті бізге көрсетпесең, балаңның құжаттарын қабылдамаймыз дейді мектептегілер. Не істеу керек?" - дейді ана.

Бірнеше жыл бұрын Тәжікстанда бірыңғай мектеп формасын енгізген, бірақ тұрғындар киімді базардан сатып алатын немесе тапсырыспен тіктіретін. Енді мектеп формасын жәрмеңкеден алыңдар деген талап қойылып жатыр. Бұл мәселесі ата-аналар әлеуметтік желілерде де көтерді.

Тәжікстанның білім және ғылым министрлігі мұндай талапты заңсыз деп атады. Министрліктің баспасөз хатшысы Эхсони Хушбахттың айтуынша, "ата-аналарға чек көрсетіңдер деген талап болмаған". Ол мәселені анықтауға уәде берді.

"Покупать школьную форму только у отечественного производителя!"
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:30 0:00

XS
SM
MD
LG