Ссылки доступа

Экс-президент Сооронбай Жээнбеков "Құмтөр" ісі бойынша тергелді


Қырғызстанның бұрынғы президенті Сооронбай Жээнбеков "Құмтөр" ісіндегі куәгер ретінде тергелді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті хабарлады.

Арнайы қызмет мәліметі бойынша, сауалдар Жээнбековтің премьер-министр қызметін атқарған уақытқа қатысты болған. Комитеттің хабарлауынша, Сооронбай Жээнбековті тергеу әлі аяқталған жоқ.

Сооронбай Жээнбеков премьер-министр қызметін 2016 жылғы сәуірден 2017 жылғы тамыз аралығында атқарды.

"Құмтөр" алтын кеніндегі жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс аясында парламенттің бұрынғы спикері Асылбек Жээнбекова (Сооронбай Жээнбековтің бауыры), экс-премьер-министр Өмірбек Бабанов, бұрынғы депутаттар Исхак Пирматов, Торобай Зулпукаров және Талантбек Узакбаев, Алмазбек Атамбаевтың парламенттегі бұрынғы өкілі Данияр Нарымбаев, экс-депутат Алмазбек Баатырбеков ұсталды. Үкіметтің парламенттегі бұрынғы өкілі Динара Молдошева ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босады. Сонымен бірге бұрынғы вице-премьер-министр Тайырбек Сарпашев пен бұрынғы премьер-министр Темір Сариев ұсталды.

Тергеумен келісімге отырған экс-депутаттар Алмазбек Баатырбеков, Талантбек Узакбаев, Исхак Пирматов, сонымен бірге бұрынғы бірінші вице-премьер-министр Тайырбек Сарпашев үйқамаққа ауыстырылды.

XS
SM
MD
LG