Ссылки доступа

Дәурен Абаев қазақ тілі жанашырларының рейдтерін "тұрпайы ұлтшылдық" деп атады


Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев дүкендер мен мемлекеттік мекемелерде қазақ тілі деңгейін тексеріп жүргендердің әрекетін "тұрпайы ұлтшылдық" деп атады.

Шенеунік "Открытый диалог – 2.0" бағдарламасында осылай деп мәлімдеген.

"Азматтарымыздың басым бөлігі "тұрпайы ұлтшылдықтың" мұндай көріністерін сынайды. Өкінішке орай, мұндай оқиғалар бүкіл әлемде болып тұрады, бірақ мұндай дүниелерді мемлекет қолдайды немесе үрдіске айналды деуге болмайды", – деген Абаев.

Бұның алдында "Til Maydani онлайн партиясы" ютуб-арнасы Қазақстандағы ұлтшылдардың тексерулері кезінде түсірілген видеоларды жариялаған. Олар дүкендер мен мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің қазақ тілін қаншалықты білетінін тексерген. Мұндай рейдтер Нұр-Сұлтанда, Алматыда, Павлодарда, Оралда және басқа да қалаларда жүрген.

Шенеунік құқық қорғаушылар олардың әрекетіне құқықтық бағасын береді деді. Абаевтың пікірінше, Қазақстанда орыс тілін тұрғындардың шамамен 90 пайызы біледі.

Ресейдің сыртқы істер министрлігі Абаев мәлімдемесіне қолдау білдірген. "Тұрпайы ұлтшылдық" нышандарымен биліктің қатаң түрде күресуге дайын екенін мақұлдаймыз. Мұндай ұстанымды толықтай қолдаймыз", – деп хабарлады Ресейдің министрлігі.

XS
SM
MD
LG