Ссылки доступа

Тәжікстан Қырғызстанмен шекара маңынан қазған орды көміп, құрылысты тоқтатты


Лейлек ауданына қарасты Катта-Туз аймағындағы қырғыз-тәжік шекарасында тәжік тарапы қазған ор қайта көміліп, жанындағы құрылыс жұмысы тоқтады. Бұл туралы президенттің Баткен облысындағы арнайы өкілінің баспасөз қызметі хабарлады.

12 тамызда қырғыз президентінің Баткен облысындағы арнайы өкілі Абдикарим Алимбаев қырғыз-тәжік шекарасындағы ор қазуды тоқтату және сол маңда жүріп жатқан құрылыс істері бойынша Тәжікстанның Соғды облысының атқару билігінің төрағасы Ражаббой Ахмадзодамен телефон арқылы сөйлескен.

Алдағы уақытта Баткен және Соғды облыстарының басшылары жүзбе-жүз кездесетін болып келіскен.

11 тамызда Лейлек ауданы Интернационал ауылының ауруханасында Тәжікстан тараптан оқ атылған. Онда екінші қабат терезесі сынып, оқиға болған жерден 5,45 мм калибрлі "АК-74" автоматының оғы табылған.

12 тамызда облыстық отырыс кезінде Тәжікстанның қарулы күштері әскери окоптар қазып алғаны жөнінде айтылған.

Катта-Туз аумағынан Тәжікстан 1974 жылдардан бері мұнай өндіріп келген. Аумақ 1992 жылы Қырғызстанға өтуі керек болған. Бірақ Тәжікстан 1980 жылдары келісілген келіссөз нәтижесінде жұмысын жалғастыра берді.

2013 жылы қырғыз шекарашылары Тәжікстанның мұнай өндірген мекемесін Қырғызстанға тиесілі аймақтан шығарып жіберген.

XS
SM
MD
LG