Ссылки доступа

Ташкентте нәрестесін 18 мың долларға сатпақ болған әйел ұсталды


Ташкенттің Янгихаёт ауданының тұрғыны туғанына алты күн болған нәрестесін сату үстінде ұсталған. Бұл жөнінде бас прокуратура жанындағы экономикалық қылмысқа қарсы күрес департаменті хабарлады.

Келіншек 7 тамызда туған сәбиін 18 мың АҚШ долларына сатпақ болған.

Оған қатысты "Адам саудасы" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

XS
SM
MD
LG