Ссылки доступа

"Экологиялық апат". Қырғызстан құрғақшылықтан зардап шегіп жатыр (видео)


Шу өңірінде су тапшылығынан диқандардың астық мол болады деген үмітін өшіріп, мал-шөптің бағасы бір жарым есеге қымбаттады. Құрғақшылық ауыл шаруасынан бөлек, экологияға да зиянын тигізіп жатыр.

Мамандар Шу жазығында мыңдаған жабайы жануардың өлгенін айтады.

Кыргызстан страдает от рекордной засухи
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:01 0:00

Адылбек Солтобаев биыл егінді жеріне беде сепкен. Осыған дейін ол әр гектарынан 180 түптен алса, биыл құрғақшылықтан түсім екі есеге азайған.

"Биыл беде сусыз қалды. Себебі, бастапқыда қант қызылшасын және жүгеріні суғардық. Биыл оған кезек жетпей қалды", - дейді Солтобаев.

Фотограф, эколог-белсенді Влад Ушаков бір кезде су асып-тасып жататын Шудың қазіргі көрінісі аянышты халде екенін айтады. Ол мұны суретке түсіріп, интернетке жариялады.

"Шу өңірінде экологиялық апат болды деп айтуға болады. Бұл жануарлардың белгілі бір түріне ғана емес, бәріне әсер етті. Құстардан балықтарға дейін зиян шекті", - дейді экобелсенді.

XS
SM
MD
LG