Ссылки доступа

143 ауған әскері Тәжікстанға қашып келді


Тәжікстанның оңтүстігіндегі Бохтар қаласындағы әуежай
Тәжікстанның оңтүстігіндегі Бохтар қаласындағы әуежай

16 тамыз күні түнде 143 ауған әскері Хаттон облысының Бохтар қаласына ұшып келген. Кеше "Талибан" қозғалысының мүшелері Кабул қаласына кіріп, Ауғанстанды басып алғанын мәлімдеді.

Тәжікстанның Төтенше жағдай және азаматтарды қорғау комитетіндегі дереккөз Озоди радиосына ауған әскерін уақытша Носир Хусрав атындағы мемлекеттік университетінің жатақханасына орналастырғанын жеткізді.

"Олардың арасында екі әйел бар. Қазір ауған әскерін басқа жерлерге де орналастыру мәселелесі қарастырылып жатыр. Толық шешім әлі қабылданбады", - деген.

Дереккөз мәліметінше, ауған әскері Бохтар әуежайына үш ұшақ және екі тікұшақпен келген. Олар тәжік билігіне қолындағы 55 дана қаруды тапсырған.

Бүгін тәжік билігі Ауғанстан президенті Ашраф Ғани мінген ұшақ Душанбеге қонбағанын мәлімдеді. Алайда дереккөздің хабарлауынша, Ашраф Ғани мінген ұшақ расында Душанбеге қонған, бірақ көп өтпей Оманға ұшып кеткен.

Қазір Ауғанстан үкіметін уақытша басқаруды бұрынғы ішкі істер министрі Али Ахмад Джалалиға тапсырылған.

XS
SM
MD
LG