Ссылки доступа

Қырғызстанда белсенділер "Құмтөр ісі" бойынша АҚШ елшілігі алдында акцияға шықты


Белсенділер Бішкектегі АҚШ елшілігінің алдында Құмтөр алтын кені төңірегіндегі сот істері бойынша акция өткізді.

Олар Құмтөр кенін игерген канадалық "Центерра голд" компаниясының "Құмтөр голд" компаниясын банкрот деп тану бойынша арызы Нью-Йорк сотында әділетті қаралсын деген талаппен шыққан.

Акцияны ұйымдастырушылардың бірі Нарис Калчаевтің айтуынша, акция 17 тамызда Нью-Йоркта өтетін сот ісіне байланысты өтіп жатыр.

"Нью-Йоркта "Центерра голд" компаниясының арызы бойынша сот отырысы өткелі жатыр. "Құмтөр голд" компаниясын банкрот деп тану бойынша сотқа өтініш берген. Біз істің әділ өтуін талап етіп жатырмыз".

"Құмтөр Голд Компани" және "Құмтөр Оперейтинг" компаниялары АҚШ-тың банкроттық жөніндегі федералдық кодексінің 11-бөлімінің негізінде сотқа өтініш түсіргені жөнінде "Центерра Голд" компаниясы 31 мамырда мәлімдеген.

8 маусымда Нью-Йорк сотында бұл іс қарала бастаған. Судья Лиза Бекерманның шешіміне сәйкес, екі компанияны заңдық және әкімшілік жауапқа тарту, олардан дау өндіріп алу және компаниялардың мүлкін тартып алу әрекеттеріне уақытша шектеу қою бұйрығы шыққан.

XS
SM
MD
LG