Ссылки доступа

Ташкент облысында 50-ге жуық бала балмұздаққа уланды


Ташкент облысындағы Алмалык қаласында 49 адам балмұздақтан уланған. Бұл мәліметті жергілікті билік растады.

Ресми мәліметке сәйкес, Алмалык қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында балмұздаққа уланған 36 адам жеткізілген.

15 тамызда олардың 31-нің ахуалы жақсарып, үйіне шыққан. Қалғанының жағдайы қанағаттанарлық.

Бұдан бөлек тағы 13 науқас Ташкент облысы Ахангаран қаласындағы ауруханаға жатқызылған. Қазір олардың жағдайы орташа.

Қазір бұл оқиға бойынша эпидемилогиялық тергеу жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG