Ссылки доступа

Қырғызстан: 500 ауған студентіне виза беруге дайынбыз


Қырғызстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек ретінде 500-дей студенттік виза беруге дайын. Осылай деп Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚМК) төрағасы Камчыбек Ташиевтің айтқанын мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қырғызстанды алаңдататын жағдай – ауған жастарының, әйелдердің тағдыры. Олар да қырғыз жастары сияқты заманауи білім алуға, жаңа технологияларды игеруге және жұмыс істеуге ұмтылады. Біз елдің экономикалық жағдайы тұралап қалған кезде, қазіргі ахуалда жастардың сапалы білім алуы мүмкін емес екенін жақсы түсінеміз", - делінген Ташиевтің мәлімдемесінде.

Осыған дейін Жогорку Кеңештің депутаты Жанарбек Акаев Ауғанстандағы "Талибан" қозғалысы жапқан университеттің студенттеріне, ауған жастарына студенттік виза беруді ұсынған.

"Талибан" қозғалысы соңғы 20 жылда бірінші рет Кабулға кірді. Жаушылар президент сарайын басып алғанын мәлімдеді. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани өлкеден шығып кетті. АҚШ бастаған Батыс өлкелері Кабулдағы дипломаттарын эвакуациялап жатыр.

XS
SM
MD
LG