Ссылки доступа

Өзбекстан шекараны бұзған ауған ұшағын атып түсіргенін мәлімдеді


Өзбекстан билігі елдің оңтүстігіндегі Шерабад ауданында ауған әскери ұшағы атып түсірілгенін мәлімдеді.

Бұл жөнінде Ресейдің ақпарат құралдары өзбек билігіне сілтеме жасап хабарлады. "15 тамызда Сурхандария облысының әуе кеңістігіне заңсыз өткен Ауғанстанның әскери ұшағына оқ атылды", - деп мәлімдеді "РИА Новости" агенттігі Өзбекстанның қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Gazeta.uz сайтының хабарлауынша, ұшақ жексенбі, 15 тамыз күні Өзбекстанның оңтүстігіндегі Сурхандария облысында, ауған шекарасына жақын жерде құлаған. Басылым әскери киімдегі ер азаматқа медициналық көмек көрсетіп жатқан дәрігерлердің суреттерін жариялады.

Басылымның Сурхандария облысындағы дереккөзі екі ауған әскери қызметкерінің Термез ауруханасына түскенін айтқан.

15 тамызда тәліптер Ауғанстанды толық басып алды. Ел президенті Ашраф Ғани Ауғанстанды тастап ұшып кетті. Қазір оның нақты қай елге барғаны белгісіз.

XS
SM
MD
LG