Ссылки доступа

Бердымухамедовтің Түркіменбашыға сапары кезінде дүкендерге кезекке тұруға тыйым салынды


Ашғабадта дүкендер алдындағы кезек (мұрағат)
Ашғабадта дүкендер алдындағы кезек (мұрағат)

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов іс сапармен барған Түркіменбашы қаласының тұрғындарына азық-түлік дүкендері мен банкоматтардың алдында кезекке тұруға тыйым салып жатыр. Бұл туралы Азаттықтың түркімен қызметінің аймақтағы тілшісі хабарлады.

Оның айтуынша, полиция қызметкерлері мемлекеттік дүкендер мен банкоматтар алдында кезекте тұрған азаматтарды кері қайтарып жатыр.

Түркіменстанда соңғы жылдары экономикалық дағдарыстан азық-түлік тапшылығы белең алып тұр. Қаржылық қиындықтан халықтың көбі мемлекеттік дүкендерде сатылатын субсидияланған азық-түлік алуға мәжбүр.

XS
SM
MD
LG