Ссылки доступа

Кабул әуежайында хаос кезінде бірнеше адам қайтыс болды (видео)


Кабул әуежайы, 16 тамыз

16 тамызда мыңдаған адам Кабул әуежайынан ұшып кетуге әрекет етіп жатқан кезде бес адам қаза болған. Бұл туралы Reuters агенттігі оқиға куәгерлеріне сілтеме жасап хабарлады.

Әлеуметтік желілерде жарияланған видеолардан Кабул әуежайында ондаған ауған азаматы эвакуация ұшағымен қоса жарысып бара жатқанын көруге болады.

Пентагон әуежайда халыққа қару көтеріп, сес көрсеткен екі адамның өлтірілгенін мәлімдеді. Оған дейін байбалам салып жатқан халықты тыныштандыру үшін аспанға оқ атылғанын америкалық ресми өкілдер растаған.

"Би-Би-Си" куәгерлер сөзіне сілтеме жасап, Кабул әуежайында екі бейбіт тұрғынның қаза болғанын хабарлады.

Дүйсенбі күні бірқатар басылымдар жылжып жатқан ұшаққа жармасып, ішіне кіруге әрекет еткен үш адам биіктен құлап көз жұмғанын жазды.

Қазір Кабул әуежайында жолаушылар ұшағы ұшып жатқан жоқ. Тек АҚШ-тың және одақтастарының әскери ұшақтары ғана қатынап тұр. Бірақ соған қарамастан ауған тұрғындары өлкеден ұшып кету үшін әуежайда жүр.

XS
SM
MD
LG