Ссылки доступа

Өзбекстан әуе кеңістігін бұзған 46 ауған ұшағы күшпен қондырылғанын мәлімдеді


14-15 тамызда Өзбекстанның әуе кеңістігін бұзған Ауғанстанның 22 әскери ұшағы мен 24 тікұшағы күшпен Термездегі халықаралық әуежайға қондырылды. Осылай деп Өзбекстанның бас прокуратурасы мәлімдеді.

Мекеме мәліметіне қарағанда, әуе кемесінің бортында 585 ауған әскері болған.

Мәлім болғандай, 15 тамызда Ауғанстанның "ЭМБРАЙЕР-314" үш ұшағы Каршидегі "Ханабад" әуежайына қонуға рұқсат сұраған. Олар Термез әуежайына қонуға бұйрық алған. Ұшақтарды қостап жүру үшін екі "МИГ-29" ұшағы көтерілген.

Қостап жүру кезінде Сұрхандария облысына қарайтын Шерабад ауданында екі ауған ұшағы және Өзбекстанның әуе әскери күштерінің жоюшы ұшағы қақтығысып қалған. Ұшқыштар борттан шығып үлгерген.

Ауғанстанның 158 азаматы және әскери қызметкері дария арқылы Өзбекстанның шекарасынан Термез ауданына заңсыз өтіп кеткен.

Өзбекстанның бас прокуратурасы "Шекарадан заңсыз өту" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG