Ссылки доступа

Қырғызстан және Тәжікстан өкілдері шекара мәселесін талқылады


16 тамызда Қырғызстанның Ләйлек ауданы мен Тәжікстанның Исфара ауданы шектесетін аймақта екі елдің өкілдері кездесті.

Қырғызстан өкілі Мусурманбек Турсуматов Азаттық радиосына берген сұқбатында шекара қауіпсіздігі мәселесі сөз болғанын жеткізді.

"Шекаралас аймақтарда видео камераны тек екі тараптың келісімімен қою, ор қазу істері енді қайталанбауы жөнінде келісілді. Тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қолға алу ұсынылды. Кездесу барысында екі тарап бірін-бірі жақсы түсіністі".

Облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, 17 тамыздан бастап шекарашылар мен милиция шекараға жақын аймақтарда теріс көріністерді алдын алу бойынша арнайы оқу-жаттығуын өткізеді.

Жақында Лейлек ауданына қарасты Катта-Туз аймағындағы қырғыз-тәжік шекарасында тәжік шекарашылары қазған ор және Мақсат ауылына жақын маңда салынып жатқан құрылыс істері тоқтатылған.

Биыл 28-30 сәуірде және 1 мамырда Баткенде, қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы қақтығыс кезінде 36 қырғыз азаматы қайтыс болған. Тәжікстан тарабы 19 азаматының қаза тапқанын хабарлады. Екі ел бірін-бірі айыптап, қылмыстық іс қозғалған.

XS
SM
MD
LG