Ссылки доступа

"Құмтөр Голд": қауіпсіз әрі тұрақты жұмыс істеп жатырмыз


Қырғызстанның "Құмтөр Голд" компаниясы қауіпсіз, тұрақты және жоспарлы режимде істеп жатқанын мәлімдеді.

16 тамызда компанияның ресми сайтында жарияланған мәліметте канадалық "Центерра Голд" («Центерра») компаниясы жасаған тосқауылдарға қарамастан жұмыс жүріп жатқаны айтылады.

Сыртқы басқару Теңіз Бөлтірік жетекшілік еткен команда болашаққа жоспар құрып, жаңа стратегия жасап жатқанын атап өткен.

Қырғыз тарабы мамыр айында Құмтөрдегі экологияға келтірілген зиян және салыққа байланысты канадалық компанияға 4,2 миллиард долларға жуық айыппұл салған. Сонымен бірге қырғыз үкіметі 17 мамырда "Центерраға" тиесілі "Құмтөр Голд" компаниясына сыртқы басқару енгізген.

Канадалық компания бұл айыптауларды шетке қағып, Стокгольмдағы Халықаралық арбитражға және Нью-Йорктағы банкроттық бойынша сотқа арызданған. Қазір Нью-Йоркте сот қаралып жатыр.

Құмтөр айналасындағы оқиғалардан кейін "Центерраның" Торонто және Нью-Йорк биржаларындағы акцияларының бағасы төмендеп кетті. Бұдан бөлек Қырғызстанның "Центеррадағы" 26 пайыздық үлесінің бағасы да төмендеді.

XS
SM
MD
LG