Ссылки доступа

Тәліптер ауған шенеуніктеріне рақымшылық береміз деп уәде етті


"Талибан" қозғалысы Ауғанстан үкіметінің шенеуніктеріне рақымшылық береміз деп уәде беріп, мемлекеттік қызметтердің ісін қайта жандандыруға шақырды. Бұл туралы AFP агенттігі тәліп өкілдерінің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.

"Қалыпты өмірге қайта оралу үшін барлық шенеуніктерге рақымшылық жарияланды", - делінген тәліптер таратқан мәлімдемеде.

"Талибан" қозғалысы Ауғанстан астанасына 15 тамызда басып кіріп, өлкеде 20 жылға созылған соғыс аяқталғанын жариялаған. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани өлкеден қашып кеткен.

XS
SM
MD
LG