Ал бұл уақытта Ауғанстанмен шекаралас елді-мекендердің тұрғындары үрейді бастан өткеріп жатыр.
"Койтендаг ауданының [Лебап] тұрғындары шекараның арғы бетіндегі атыстың даусынан үрейде өмір сүріп жатыр", - деп хабарлайды Азатлык тілшісі.
Ресми Ашғабад та Ауғанстанмен шекаралас маңда тұрған босқындар жайлы ешқандай мәлімет таратпай отыр.
Түркіменстан мен Ауғанстан арасындағы шекара қашықтығы - 800 км.
15 тамызда "Талибан" қозғалысы Кабулды басып алды. Ел президенті Ашраф Ғани қашып кетті.