Ссылки доступа

Қырғызстан Құмтөрге сыртқы басқару мерзімін ұзартқысы келеді


"Құмтөр Голд" компаниясына сыртқы басқару ұзартылады. Осылай деп сыртқы басқарушы Теңіз Бөлтірік мәлімдеді.

Ол сыртқы басқаруды ұзарту жөнінде үкіметке ұсыныс берілгенін айтты. Мемлекеттік мүлікті басқару қорының төрағасы Мирлан Бакиров жақын күндері шешім қабылдаймыз деді.

Қырғызстан Құмтөрдегі экологияға келтірген зияны үшін канадалық компанияға 4,2 миллиард доллар айыппұл салып, "Центерраға" тиесілі "Құмтөр Голд" компаниясына сыртқы басқару енгізген.

Канадалық компания мұнымен келіспей, Қырғызстан үкіметін Стокгольмдағы халықаралық сотқа және Нью-Йорктағы банкрот бойынша сотқа арызданған. Қазір Нью-Йоркте іс қаралып жатыр.

XS
SM
MD
LG