Ссылки доступа

Қырғыз және тәжік күштері шекараны бірлесіп күзете бастады


Қырғыз-тәжік шекарасында екі өлкенің милиция қызметкерлері бірлескен күзетке шыға бастады. Бұл туралы 17 тамызда Баткен облысы әкімдігі хабарлады.

Мекеме баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Баткен ауданының және Тәжікстанның Исфара ауданының бір-біріне шекаралас ауылдардың қауіпсіздігін сақтау үшін екі елдің милиция қызметкерлері бірлесіп күзетке шыға бастаған.

Халықпен кездесуде милиция қызметкерлері жергілікті тұрғындарды тату тұруға, сыйлауға, екі елдің заңын сақтауға шақырған. Егер заңды бұзған жағдайда жауапкершілікке тартылатынын ескерткен.

16 тамызда Баткен және Соғды облыстарының басшылары кездесіп, келіссөз жүргізген.

Биыл 28-30 сәуірде және 1 мамырда Баткенде, қырғыз-тәжік шекарасында қарулы қақтығыс орын алып, 36 қырғыз және 19 тәжік азаматы қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG