Ссылки доступа

Өзбекстан Германия азаматтарын Ауғанстаннан шығаруға көмектеседі


17 тамызда Өзбекстан және Германия президенттері Шавкат Мирзияев пен Франк-Вальтер Штайнмайер телефон арқылы сөйлесіп, Ауғанстандағы неміс азаматтарын эвакуациялау мәселесін талқылады.

Сөйлесу нәтижесінде Ауғанстаннан адамдарды шығарып алу үшін Ташкент пен Кабулдың ортасында әуе көпірі түзілгені хабарланды.

Бұдан бөлек президенттер Ауғанстандағы соңғы жағдайды талқылап, бәрі бейбіт жолмен шешілу үшін бірлескен әрекеттер жасау және аймақтағы жағдай бойынша тұрақты кеңес өткізіп тұру жөнінде келіскен.

Өзбек басылымдарының мәліметіне қарағанда, 17 тамызда Германияның эвакуациялық ұшағы Кабулдан Ташкентке 125 адамды алып шыққан. Енді олар Берлинге жеткізіледі.

XS
SM
MD
LG