Мәлметке қарағанда, наразылық білдірушілерге туды шатырға тігер кезде оқ атылған. Үш адам қаза болып, ондаған адам жарақат алған.
"Талибан" қозғалысы Ауғанстанның бас қаласы Кабулға 15 тамызда кіріп, 20 жылға созылған азаматтық соғыстың аяқталғанын жариялаған. Мемлекет басшысы Ашраф Ғани Ауғанстаннан қашып кеткен. 18 тамызда оның отбасымен Біріккен Араб Әмірлігіне барғаны белгілі болды.