Ссылки доступа

Таулы Бадахшанда апатқа ұшыраған Ми-8 тікұшағының ұшқышы Душанбеде жерленді


Сергей Тютин.
Сергей Тютин.

Душанбеде 19 тамызда Таулы Бадахшан автономиялы облысының Вандж ауданында апатқа ұшыраған Ми-8 тікұшағының ұшқышын соңғы сапарға шығарып салды. Сергей Тютин астанадағы христиан зиратына жерленді.

Тәжікстан шекара қызметіне қарасты Ми-8 тікұшағы 4 тамызда Федченко мұздығына жақын маңда апатқа ұшырады. Тікұшақ ресейлік альпинистерді құтқаруға шыққан. Тікұшақ тауға соғып, соның салдарынан ұшқыш Сергей Тютин опат болды.

Ұшқыш денесін жеткізу операциясы 18 тамызда ғана аяқталды. Өйткені тікұшақ 5300 метр биіктікте апатқа ұшыраған.

Ресми тұлғалар тікұшақтың апатқа ұшырау себебі туралы ештеңе айтпады.

Тікұшақ апатқа ұшыраған уақытта оның ішінде бес адам болған. Ұшқыш қаза тауып, қалғандары жараланған.

Ресми мәліметтерге қарағанда, ресейлік алты туристі Душанбеге басқа бір Ми-8 тікұшағымен жеткізген.

XS
SM
MD
LG