Ссылки доступа

Садыр Жапаров Бішкекте Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен кездесті


Садыр Жапаров и Никол Пашинян.

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин, Армения үкімет басшысы Никол Пашинян, Беларусь премьері Роман Головченко және Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысына қатысу үшін Қырғызстанда жиналды.

Қырғыз үкіметінің хабарлауынша, кеңестің шағын форматтағы жиналысы басталды. 20 тамызда кеңейтілген форматтағы жиналыс өтеді. Бірнеше құжатқа қол қойылады. Еуразиялық үкіметаралық кеңес жиналысында жиырмадан астам мәселе қаралады.

Қырғызстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Садыр Жапаров Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен кездескен. Олар екі ел әріптестігінің өзекті мәселелерін талқылаған.

19-20 тамызда Шолпон-Атада Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтіп жатыр.

Еуразиялық экономикалық одақ 2010 жылы Беларусь, Қазақстан және Ресей кеден бірлестігі негізінде құрылды. 2015 жылы ұйымға Қырғызстан мен Армения кірді.

XS
SM
MD
LG