Германия қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, бейсенбі күні түстен кейін әскери ұшақ Кабулден 211 адамды алып шықты. Осылайша Ташкент арқылы эвакуацияланғандар саны 900-ден асты.
Германияның Ташкенттегі елшілігі Өзбекстаннан ұшақ сұраған.
Бұған дейін Ташкентке жеткізілгендерді немістің Lufthansa әуе компаниясының ұшақтары ғана тасыған.
"Эвакуацияланғандардың ешқайсысы қалаға шықпайды, оларды Ташкенттен жолаушы рейстерімен алып кетеді", - делінген "Өзбекстан 24" телеарнасының репортажында.
Мәліметтерге қарағанда, Кабул мен Ташкент арасындағы әуе көпірі арқылы эвакуациялау Ауғанстандағы жағдай тұрақталғанша үзілмейді.