Ссылки доступа

Тәліптерді Кабул әуежайына баратын жолды жапты деп айыптады


Бірнеше елдің үкіметтері Ауғанстандағы өз азаматтары мен олармен жұмыс істеген ауған азаматтарын ел аумағынан шығаруға асығып жатыр.

"Талибан" қозғалысының күштері 15 тамызда астананы басып алған соң, Ауғанстандағы мыңдаған азамат елден қашып шығуға талпынды.

Қозғалыс жетекшілері елде бейбітшілік орнағанын қалайтынын, шариғат шарттарына сай үкімет құрғысы келетінін, бірақ бақталастарынан кек алмайтынын мәлімдеді. Алайда, Кабулден жеткен мәліметтерге қарағанда, "Талибан" күштері 19 тамызда әуежай айналасындағы тексеру-өткізу бекеттеріне орналасып, құжаты бар ауған азаматтарын да жібермей тұр.

Әуежай мен соның төңірегінде барлығы 12 адам өлтірілді, деп мәлімдеді "Талибан".

18 тамызда астанаға жиырма шақырым жерде орналасқан Желалабад қаласында жаңа жүйеге қарсы наразылық акциясына шыққандар тәліптермен қақтығысып қалды. Соның салдарынан кем дегенде үш адам оққа ұшып, ондаған адам жараланғаны хабарланды.

XS
SM
MD
LG