Мемлекет басшысының айтуынша, коронавирус пандемиясы Одақтың барлық елдерінің макроэкономикалық көрсеткіштерін, экономикалық өсімі мен мемлекеттер арасындағы сауда айналымын тежеді.
Қырғыз президентінің мәлімдеуінше, коронавирусқа шалдыққандар саны азайып, саяси тұрақтылық орнаса, сыртқы сұраныс пен сауда артса, онда экономика пандемияға дейінгі көрсеткішке 2023 жылға таман ғана жетеді.
19-20 тамызда Шолпон-Атада Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтті. 20 тамызда кеңейтілген форматтағы жиналыс ұйымдастырылып, соның нәтижесінде бірнеше құжат қабылданды.