"Қауіпсіздік мақсатында қырғыз-тәжік және қырғыз-өзбек шекарасына бекіністер орнаттық. Қосымша күш жұмылдырылды",- делінген мекеме мәліметінде.
Қырғыз шекара қызметі шетел азаматтарын тек арнайы рұқсат құжатпен ғана кіргізетінін ескертті.
Қырғызстанның Ауғанстанмен ортақ шекарасы жоқ. Бірақ осыған дейін Тәжікстан шекарасы арқылы Баткен облысына исламшыл содырлардың кіріп кеткен жағдайлар орын алған.
Өткен аптада Өзбекстан СІМ 84 ауған әскері шекарадан өтіп, көмек сұрағанын хабарлаған.