Бұл туралы Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті жанындағы Шекара қызметі хабарлады.
Қырғызстан шекарашылары 21 тамызда тәжік тарапқа жер қазуды тоқтатуды ескерткен. Бірақ 22 тамызда олар жер қазуды жалғастыра берген.
Биыл 28-30 сәуірде және 1 мамырда қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс осы "Головной" су тарату орталығында басталған.
Қақтығыс кезінде 36 қырғыз және 19 тәжік азаматы қайтыс болған. Бұл оқиғаға екі өлке бір-бірлерін айыптап, қылмыстық істер қозғаған.