Ссылки доступа

АҚШ президенті Кабулдан босқындарды шығару 31 тамызға қарай аяқталады деді


Кабул әуежайы
Кабул әуежайы

АҚШ президенті Джо Байден Ауғанстаннан босқындарды шығару кезінде болып жатқан қиындықтарға қарамастан, толық эвакуациялау 31 тамызға қарай аяқталуы тиіс деп мәлімдеді.

Жексенбі күні Ақ үйде мәлімдеме жасаған Байден "Талибан" қозғалысы Ауғанстанды басып алғаннан бері АҚШ барлығы 28 мыңға жуық азаматты шығарып алғанын айтты. Олардың бәрі тәліптер тарапынан репрессияға ұшырауы мүмкін азаматтар. Сонымен бірге АҚШ одақтастары да бірнеше мыңдаған азаматты өз еліне эвакуациялаған.

Байденнің сөзінше, қазір тәліптер америка әскеріне тиісіп жатқан жоқ. Эвакуациялау процесіне де кедергі келтірмеген. Ол 31 тамызға қарай бұл процесс аяқталуы тиіс деді. Бұл мәселе 24 тамызда "Үлкен жетіліктің" онлайн-саммитінде талқыланбақ.

Алда әлі нақты қанша адамның Ауғанстаннан шығарылатыны белгісіз. Бірақ әлі күнге дейін ондаған мың бейбіт тұрғын елден шығып кету үшін Кабул әужайында күні-түні жүр. Кептеліс кезінде 20 бейбіт тұрғын қаза тапқан.

АҚШ президенті НАТО миссиясын Ауғанстаннан шығару жөніндегі шешімнің дұрыс екенін тағы қайталады.

XS
SM
MD
LG