Ссылки доступа

Ауғанстаннан тағы 12 қырғыз азаматы эвакуацияланды


Ауғанстаннан Катарға эвакуацияланған 11 қырғыз азаматы отанына оралды. Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі (СІМ) мәліметіне қарағанда, олар 23 тамыздың таңында Доха – Дубай – Бішкек рейсімен ұшып келген.

22 тамызда бір қырғызстандық әйел Кабулдан Алматыға әкелінген.

"Ауғанстан аумағында қалған қырғыз азаматтары Қырғызстанның дипломатиялық өкілдігіне орналастырылып, олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген. Жақын күндері олар мекеніне эвакуацияланады" деді СІМ.

19 тамызға қарата Ауғанстаннан 24 қырғыз эвакуацияланған. Олардың 15-і Қазақстанның арнайы ұшағымен Алматы қаласына, одан кейін Бішкекке жеткізілді.

Қазір Ауғанстан аумағында қанша қырғыз азаматы қалғаны жөнінде нақты мәлімет айтылған жоқ.

XS
SM
MD
LG