Ссылки доступа

Қырғыз-тәжік шекарашылары соңғы оқиғаға байланысты келіссөз жүргізді


22 тамызға қараған түні Ош-Баткен-Исфана жолының Көк-Таш ауылына жақын, Тәжікстанмен шекараны бойлап кетіп бара жатқан екі көлікке тас лақтырылған.

Бұл оқиға бойынша "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша іс қозғалып, тергеу басталғанын Баткен облысы ішкі істер басқармасының баспасөз хатшысы Дамира Юсупова хабарлады.

Баткендегі Көк-Таш ауылына қарасты Эки-Таш аумағындағы Ош-Баткен-Исфана жолының Тәжікстан халқы орналасқан жерден белгісіз біреулер қырғыз жүргізушілерге тас лақтырған.

Нәтижесінде Mersedes Benz көлігінің есігі, Honda Stream көлігінің терезесі шағылған. Жүргізушілер аман-есен.

Осыған дейін 21 тамызда "Головной" су тарату орталығы маңынан тәжік тарап жер қазып, ережені бұзған.

Одан кейін тәжік азаматтары Ак-Суу дариясының батыс тарабынан ор қаза бастаған. Бұл Исфара (Тәжікстан) қала басшылығы тарабынан жүргізілгені анықталды. Екі жақ келіссөз жүргізгеннен кейін қазу жұмысы тоқтатылған.

Биыл 28-30 сәуірде және 1 мамырда Баткенде, қырғыз-тәжік шекарасында қарулы қақтығыс болды. Одан 36 қырғыз және 19 тәжік азаматы қайтыс болды. Үйлер, мекемелер өртенген.

XS
SM
MD
LG