Ссылки доступа

Тәліптер Панджшер провинциясына әскерін жіберді


"Талибан" қозғалысы Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы Панжшер провинциясына жүздеген әскерін жөнелтті. Оған "жергілікті мемлекеттік шенеуніктердің билікті бейбіт жолмен беруден бас тартуы" себеп болған.

Панжшер тәліптерге қарсы тұрған бүгінгі күндері Ауғанстанның ең үлкен аймағы болып қалды. Онда Ауғанстанның вице-президенті Амрулла Салехті қолдайтын әскери топ шоғырланған. Ол осыған дейін өзін мемлекеттің заңды басшысымен деп жариялады.

Тәліптерге қарсы тұрған екінші лидер – белгілі дала командирі және бұрынғы қорғаныс министрі Ахмад Шах Масудтың баласы кіші Ахмад Масуд.

22 тамызда тәліптер Махмад Масудтан төрт сағат ішінде Пандшер аумағын өткізіп беруді, болмаса қарсы топтың мүшелері жазаланады деп мәлімдеді.

Ахмад Масуд егер тәліптер сөйлесуден бас тартып, күш қолданатын болса, онда соңына дейін қарсылық көрсетеміз деді.

22 тамызда Ауғанстаннан басқа бір қаласы Жалалабадта тәліптер ауған туын орталық алаңға орнатпақ болған жергілікті тұрғындарға оқ атқан. Reuters мәліметінше, онда кемінде үш адам қайтыс болып, оннан астам адам жарақат алған.

Тәліптер 15 тамызда Кабулды өзіне қаратып, президент сарайын басып алған және өлкеде толық бақылау орнатылғанын мәлімдеген. Президент Ашраф Ғани Біріккен Араб Әмірлігіне қашып кеткені белгілі болды.

XS
SM
MD
LG