Ссылки доступа

Түркіменстан президенті қауіпсіздік шарасын күшейтіп Мары қаласында жүр


Мары қаласы.
Мары қаласы.

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухаммедов 22 тамыз кешкісін жұмыс сапарымен Мары қаласына барған. Бұл жөнінде Азатлыктың дереккөзі хабарлады.

Негізінен Мары және Лебап өңірлерінің жергілікті билігі президент келеді деп бір ай бұрын дайындалған. Қазір бұл аймақтарда қауіпсіздік шарасы барынша күшейтілген. Демалыс күндері тұрғындардың еркін жүріп-тұруына шектеу қойылды. Тіптен терезені жиі ашуға рұқсат бермеген. Көшеде құқық қорғау органдарының өкілдері топтасып жүр. Олар адамдарды үйіне кері қайтарып жатыр.

Ресми БАҚ әдетте президенттің облыстарға сапарын ресми хабарламайды. Тек сапар аяқталған соң ғана ақпарат береді.

11 тамызда президент Бердымухамедов елдің батысындағы Балқан облысына барып, жаңа әскери бөлімшенің ашылу салтанатына қатысқан.

Түркіменбашы қаласына сапары кезінде тұрғындарға дүкендер алдында кезекте тұруға тыйым салған.

XS
SM
MD
LG