Ссылки доступа

Тәжікстанда жанар-жағар май бағасы қымбаттап жатыр


Тәжікстанда соңғы екі аптада жанар-жағар майдың бағасы қымбаттап жатыр. Жақында сұйытылған газдың бағасы литріне 8.20 – 9 сомониға өскен.

Душанбе таксистері бензин бағасы қымбаттағаннан табыс бірден азайып кетті дейді. Тәжікстанда жүргізушілердің көбі арзан деп газ қолданатын. Бірақ қазір оның да бағасы бензин құнымен бірдей болған.

Өткен айда Тәжікстанның монополияға қарсы қызметі бағаның өсуін әлемдік нарықта отынның қымбаттағанымен түсіндірген.

Бірақ жергілікті мамандар елде бәсеке болмағандықтан баға өсті дейді.

Биыл көктемде Қазақстан Тәжікстанға сұйытылған газ экспортын уақытша тоқтатқан. Себебі Атырау мұнай өңдеу кәсіпорны жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылған.

Соңғы алты айда Қазақстаннан 500 тонна сұйық отын келді, былтырғы жылмен салыстырғанда 70 тоннаға аз болған.

Тәжікстан жанар-жағар майды негізінен Ресей мен Қазақстаннан импорттайды.

XS
SM
MD
LG