Ссылки доступа

Қырғыз президенті жалған ақпараттан қорғау жөніндегі даулы заңға қол қойды


Қырғызстан президенті Садыр Жапаров "Анық емес (жалған) мәліметтен қорғау жөніндегі" заң жобасына қол қойды. Бұл туралы президенттің ресми сайтында жазылған.

Ақпаратта Конституцияға сәйкес, әрбір азамат өз намысын қорғауға құқылы екені, қол қойылған заңда оның қалай атқарылатыны жазылған.

"Заңда анық емес мәліметтен зиян шеккен тарап пен мәліметті жариялаған ресурстардың заң алдындағы құқықтары мен жауапкершілігі айтылған", - делінген.

Аталған заң жобасын Жогорку Кеңеш 28 маусымда қабылдаған. Оған сәйкес, үкімет "жалған ақпарат" таратқан немесе жеке ұйым мен адамның арызы негізінде сайттарды сот шешімінсіз жаба алады.

Құқық қорғаушылар бұл заң сөз бостандығы мен адам еркіндігін шектейді деп, президентті қол қоймауға шақырған.

XS
SM
MD
LG