Ссылки доступа

CNN: Кабул әуежайында тек АҚШ пен НАТО азаматтарын ғана жіберіп жатыр


Вашингтон Кабул әуежайына кіру ережесін өзгертті. Әуежай "Талибан" қозғалысы Ауғанстанды басып алғаннан кейінгі тұрғындардың шығып кетудегі соңғы мүмкіндігі еді.

Енді бұл аймаққа тек АҚШ пен НАТО-ға мүше елдердің азаматтарын және грин-картасы (АҚШ-та тұру мүмкіндігіне ие құжат) барларды ғана жіберіп жатыр деп хабарлайды CNN.

АҚШ үкіметі мен агенттіктерінде жұмыс істеп, арнайы иммиграциялық визаға (SIV) тапсырыс берген ауған азаматтары да әуежай аймағына өте алмай жатыр.

Соңғы мәлімет бойынша, қазір Ауғанстан әуежайында елден шығып кетуге талпынған 20 мың адам тұр. Олардың ішінде ауғанның ер азаматтары өте көп, бірінің де төлқұжаты жоқ.

Әлемнің 70-ке жуық елі Ауғанстан тұрғындарын қабылдауды шешкен.

XS
SM
MD
LG