Ссылки доступа

Қырғызстан мен Тәжікстан шекара бойынша кезекті келісімге қол қойды


Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасын белгілеу үшін екі жақтың үкімет делегацияларының топографиялық жұмыс тобының өкілдері 16-22 тамызда қырғыздың Баткен облысының Исфана қаласында кездесті.

Бұл жөнінде Қырғызстан үкіметінің шекара мәселесі бойынша арнайы өкілі Назирбек Бөрүбаев хабарлады.

"Шекараны белгілеуде екі тарап ортақ пікірге келді", - деді ол.

Тараптар өткен айда Тәжікстанда кездескен. Мамыр айында екіжақты комиссия қырғыз-тәжік шекарасының 40 шақырымы бойынша ортақ пікірге келіп, құжатқа қол қойылғаны айтылған.

Қырғыз-тәжік шекарасының ұзындығы 970 шақырым, оның 519 шақырымы ғана белгіленген. Қалған жерін бөлуде ортақ шешімге келе алмай келеді.

Сол шекараның белгіленбеген жерінде тұрғындар арасында жер, суға таласып жиі қақтығыстар болып тұрады. Биыл көктемде болған жанжал кезінде 56 адам қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG